RU

Қанат Ислам сал ауруына шалдыққан баланың арманын орындады (видео)

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам сал ауруына шалдыққан баламен кездесіп, оның арманын орындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қанат Исламның Әмір есімді баламен кездесуі туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасына жариялады.

"Біздің мақсат тек рингтегі қарсыласты жеңу емес, біздің мақсат қиын жағдайға ұшыраған жандардың қайғысын жеңуге де көмектесу. Жүздеріне күлкі сыйлап, өмір сүруге құлшындыру! Бұл адамдық борышымыз. Бұл QAZAQ командасының мақсаты", - деп әңгімесін бастаған Берік мырза Әмір есімді баламен Қанат Исламның қалай танысқанын жазды.

"Жақында ғана менің уатсабыма белгісіз нөмірден қатарынан бірнеше видео келіп түсті. Ашып қарасам ДЦПмен ауратын баланың видеосы. Анықтап тыңдасам Қанат Исламға сәлемдеме жолдап, "сіздің жекпе-жектеріңізді үзбей көремін, сіз сияқты болғым келеді", - дейді. Қолында қолғабы бар.

Жүрегім елжіреп кетті. Әрең қимылдап, жаттығу жасап жатыр. Видеоны бірден Қанат ағаға көрсеттім. "Кеттік, Берік", - деді",- дейді менеджер. 

Тағы оқыңыздар: Екі жүзге жуық баласын асырай алмаған қария елден қайыр сұрап жүр (фото)

Видеоны көре салысымен ерекше жанкүйерімен кездесуге асыққан боксшы "BI Жұлдызай" оңалдыру орталығында емделіп жатқан Әмірге арнайы барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538677-qanat-islam-sal-auruyna-shaldyqqan-bal.html