RU

ШҚО-да бір тәулік бойы іздестірілген бүлдіршін қамыстың арасында ұйықтап қалған

Шығыс Қазақстанның Белокаменка кентінде 300-ге жуық кісі үш жасар қызды іздестірді деп жазады Sputniknews.kz.

Бүлдіршін 25 маусым күні балалармен бірге көрші аулада ойнап жүрген, одан кейін жоқ болып кетіпті. Анасы алдымен қызын өзі табуға тырысқан. Нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінеді.

Полицейлерден құралған төрт топ үш жасар қызды түнімен іздеген. Алайда еш нәтиже шықпаған соң облыс орталығынан келесі таңда тікұшақ жіберіледі.

Сондай-ақ, сәбиді әкімдік қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды қосқанда 300-ге жуық адам іздестірген.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам сал ауруына шалдыққан баланың арманын орындады (видео)

"Кешке қарай ауылдан төрт шақырым жерден қамыстың арасында ұйықтап жатқан қызды шопан мен учаскелік полиция қызметкері тапқан", — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Бүлдіршін аман есен табылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538788-shqo-da-bir-taulik-boyy-izdestirilgen-k.html