RU

Көп қыздың арманы болған танымал әнші өлім аузында жатыр

«Иванушки International» тобының бұрынғы солисі Олег Яковлев шұғыл түрде Мәскеудегі емханалардың біріне жатқызылды. Ресейлік басылымдардың жазуынша ол өлім аузында жатыр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл ақпаратты "Звезды" сайтына әнші Кирилл Андреевтің жары Лола мен ұжымның концерттік директоры Олег Головко жеткізген.

Лола Андрееваның айтуынша, бүгінгі таңда оның денсаулығы жайында нақты ақпарат жоқ, дегенмен мән-жай анықталуда.

"Кирилл маған Олегтің ауруханаға түскенін бүгін ғана айтты. Оның жағдайы өте нашар. Оған не болғанын енді анықтайтын боламыз", - деді ол.

«Иванушки»  тобының концерттік директоры да оның денсаулығына қандай қауіп төнгені туралы тың дерек бере алмады. Олар әншінің қай ауруханада жатқанын анықтамақшы.

Тағы оқыңыздар: Димаштың әндерін 200 мәрте тыңдайтын қытайлық қыз жүрекжарды лебізін білдірді (фото)

Еске салсақ, Олег Яковлев «Иванушки International» тобына 1998 жылы, Игорь Сориннің орнына келген. 2013 жылы ол жеке орындаушы ретінде танылу үшін, бөлек кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538808-tanymal-reseylik-anshi-olim-auzynda-zha.html