RU

86 жастағы қарт актерға күйеуге шыққан бойжеткен мұңын шақты (фото)

86 жастағы актер, өзінің ұстазы Иван Краскоға тұрмысқа шыққан Наталья Шевель өгей баласының келіншегі күн көрсетпейтінін айтып мұңын шақты деп жазады astrakhan.kp.ru. 

26 жастағы Наталья өзінен 60 жас үлкен ұстазымен екі жыл бұрын шаңырақ көтерген. "Жас отбасының" жеке пәтерлері болмағандықтан, олар Иван Красконың бұрынғы келіні Маргарита және 19 жастағы ұлы Кириллмен үш бөлмелі пәтерде тұрған. Басында тату, әрі көңілді тұрған төртеуі қазір мүлдем араласпайды.

"Менің әйелім Наташа мен келінім Маргаританың мінездері сәйкес келмеді. Олар қазір бір-бірімен мүлдем сөйлеспейді", - дейді Иван Иванович Краско.

Тағы оқыңыздар:ШҚО-да бір тәулік бойы іздестірілген бүлдіршін қамыстың арасында ұйықтап қалған

Актердің жары болса отбасында кикілжіңді өзінен 14 жас үлкен келінінің әдейі бастайтынын айтады.

"Маргарита мені Иван Ивановичтің көзінше кемсіткісі келеді, үй шаруасына икемім жоқ екенін айтады. Мен үйге түсірілім, дайындық барысынан кеш келемін. Маргарита (50 жаста, бұрын актриса болған) болса өз тәртібін орнатқысы келеді. Бұл емхана емес қой, мен шамам жеткенше бәрін таза ұстауға тырысамын",-дейді жас келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538885-86-zhastaghy-qart-aktergha-kuyeuge-shyqqan-b.html