RU

Мақсат Үсенов қайтадан он күнге қамауға алынды

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Мақсат Үсеновке қатысты сот отырысы өтті деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Инвестиция және даму министрлігі әуе кемесінде жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін әрекетке барғаны үшін Үсеновті жауапкершілікке тартты.

Таңертеңгі уақытқа жоспарланған сот отырысына Мақсат Үсенов келмей қалған соң оны күштеп әкелуге тура келген. 

Судья Ержан Алдабек оған он күн темір тордың ар жағында отыру туралы шешім шығарды. Алайда прокурорлар Үсеновті 15 күнге қамайтын одан да қатаң жаза сұраған.

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам сал ауруына шалдыққан баланың арманын орындады (видео)

Бұған дейін Мақсат Үсеновтің 160 мың теңге көлемінде қарызы бола тұра, "Эйр Астана" ұшағының бортында агрессивті әрекет көрсетіп, Бангкокқа демалысқа ұшқаны белгілі болды. Оны әуежайдан тайландтық полицейлер күтіп алған.

8 маусым күні ол Алматы мемлекеттік кіріс департаментінде салық қарызын төледі.

16 маусымда сот оны он күнге қамауға қаулы шығарды.

Үнемі дау-дамайдың ортасында жүретін Үсенов туған күні қарсаңында бостандыққа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538918-maqsat-usenov-qaytadan-kunge-qamau.html