RU

Шавкат Мирзиёев журналистерді жемқорлық туралы ашық жазуға шақырды

Шавкат Мирзиеев подписывает документ
Шавкат Мирзиеев. Фото: газета "Народное слово"

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 24 маусым күні БАҚ өкілдері мерекесі қарсаңында сөз сөйлеп, нағыз журналистердің қандай болатынын айтып, оларды жемқорлық туралы ашық жазуға шақырды деп жазады fergananews.com.

"Нағыз журналист деп мен біздің дамуымызға кедергі келтіретін түрлі бөгеттерді еш қорықпастан ашық айтып, үлкен мәселе етіп көтеретін жандарды санаймын", - деді Мирзеев.

Ол журналист болу үшін кәсібиліктен бөлек "мықты азаматтық көзқарас пен рухани батырлық" қажет екенін айтты. Осылайша президент БАҚ өкілдерін құттықтап, батыл ақпарат беруге шақырды.

Тағы оқыңыздар: Өздері оқыған білім ордасын балағаттаған атыраулық түлектер өз істеріне өкініп жүр (видео)

Еске салайық, 26 жыл президент болған Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің кезінде бұл мереке журналистерді ашық ақпарат майданында өмір сүруге шақырғанмен, обьективті ақпарат тарататындарға қысым көрсетілетін.

Билікке Шавкат Мирзиёев келгелі өзбекстандық тілшілер біраз еркіндік алды. Олар жергілікті шенеуніктерге қатысты түрлі сыни материалдар жазып, ескі жолдар мен басқа да әлеуметтік мәселелерді жазу мүмкіндігін иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1538990-shavkat-mirzieev-zhurnalisterdi-zhemqo.html