RU

Еліміздің кей өңірлерінде ми қайнатар аптап ыстық болады деп күтілуде

Синоптиктер 29 маусым – 1 шілде аралығында Қазақстан аймақтарында қапырық ыстық болатындығын айтты деп хабарлайды "Қазгидромет" қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Алдағы үш тәулік Қазақстанның түрлі аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, ауа температурасы ылғалды болады.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстан қазағы лауазымды қызметін тастап, Қазақстанға оралғысы келмейтінін ашып айтты

Тек республиканың оңтүстігінде максималды ауа температурасы 33…38-ден басталып, 40 градусқа дейін жетеді дейді синоптиктер.

Астана қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:

 29 маусым:  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.

30 маусым: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.

1 маусым:  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С болады.

Алматы қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:

29 маусым:  көшпелі бұлтты, түнде және таңертең  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С болады.

30 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.  Жел  0-5 м/с.  Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

1 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел  0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539060-elimizdinh-key-aymaqtarynda-40-gradusqa.html