RU

Жеті жасар ұлын өлімші етіп сабаған шымкенттік ана оны балалар үйіне өткізбекші

Шымкентте жеті жасар баласын өлімші етіп сабап, мүгедек ете жаздаған ана ұлын балалар үйіне өткізуге қарсы емес. Аналық құқығынан айыруға да келісетіндігі туралы тілхат жазып берген. Бұл туралы Ордабасы аудандық білім бөлімінің маманы айтты деп хабарлайды Астана арнасы. 

"Құжаттардың барлығы облыстық кәмелетке толмағандардың сотына ұсынылды. Қазіргі таңда анасының он айлық екінші қызы бар он айлық. Қазір ішкі істерден бізге осы екінші баласын тиісті жерге орналастыру жөнінде арнайы хат түсті. Ол жөнінде де біз қазір құжаттарды толық жинақтап, өзіміздің аудан әкімі жанындағы комиссияға ұсындық", - дейді білім бөлімінің әдіскері Бақберген Сәрсенбеков.

Еске салайық, анасынан зәбір көрген жеткіншек облыстық балалар ауруханасына Ордабасы аудандық ауруханасынан ауыстырылған. Ауыр жағдайда жеткізіліген бүлдіршіннің денесінде күйік іздері де болған.

Тағы оқыңыздар: Француз қызы теракт кезінде қаза тапқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты

Жақында жансақтау бөлімінен шыққан бала әлі бір аптадай дәрігерлердің бақылауында болады. Ордабасы аудандық  білім бөліміндегілер балақайды алдағы аптада Шымкенттегі бейімдеу орталығына орналастыратындарын мәлімдеді.

Облыстық балалар ауруханасындағылар бүлдіршіннің денсаулығы жақсы дегенді айтып отыр. Бас дәрігердің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, бір қол, бір аяғы қимылдауы қиын балақайдың толықтай сауығып кетуіне мүмкіндік бар. Тек ол үшін оңалту жұмыстарын үзбеу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539319-zheti-zhasar-ulyn-olimshi-etip-sabaghan-shy.html