RU

Шенеуніктерге өкпесін жазған 89 жастағы оралдық зейнеткердің хаты көпшілікті жылатты

Батыс-Қазақстандық "Надежда" газеті Орал қаласының 89 жастағы зейнеткері  Анастасия Ивановнаның хатын жариялады. Хатта қарт ана бүгінгі ғасырда қалай өмір сүріп жатқанын өкінішпен айтады.

"Қазір таңғы сағат төрт, 1-ші маусым. Сегіз айдан кейін менің жасым 90-ға келеді.  Ұлы Отан Соғысының жесірі болғаныма 23 жыл болды.  Менің замандастарым  фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты. Біз тегін жұмыс істедік десек те болады, қарыз бен бірнеше салық төледік.  30-40-шы жылдары аштықты өткердік. Мен бухгалтер-кассир болып жұмыс істедім.  Автопарктен зейнетке 1983-ші жылы шықтым.  Осы уақыт аралығында бірде-бір рет ауырып көрмеппін.

Қазір саңыраумын, оң көзім (глаукома), сол көзім (қарақ) ауруына шалдыққан.  Үйде әрең қозғаламын.  Оралда жақын туыстарым жоқ. Екі ұлым бар: біреуі Оренбургте, екіншісі - солтүстік Қазақстанда тұрады, сол себепті 2009 жылдан бері маған күтуші бөлген. Ол аптасына екі рет келіп, еден жуып, дүкеннен азық-түлік әкеледі.  Бірақ, ол әрдайым уақытылы келіп, көмектесе бермейді.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі қауіпсіздік қызметіндегі жігіттер сән салонынан шықпайтын болған

Қазір мемлекеттік мейрамдар көбейді, олардың кейбірі  7-10 күнге созылады. Мен осы уақыт аралығында азық-түлік қорын жинап алуым керек. Әсіресе нан мен батондар 3-4 күн ішінде көгеріп кетеді. Өздігімнен дүкенге бара алмайтындықтан, хатымды почтаға кімнің апаратынын да білмеймін.  Көшедегілерден көмек сұрайтын шығармын", - дейді өмірге өкпелі қарт әжей.

Өзінің бұрынғы күтушісі зейнетке кеткеннен кейін, орнына уақытша адамның келгенін жазған қарт тұрақты күтуші керек дейді.

"Тұрақты жұмысшыны қашан қабылдайтындары белгісіз. Үкіметтің жұмысшысы үшін мен "бөтен" адаммын.  Оларды менің дәрменсіздігім алаңдатпайды.  Мұндай жағдай қашанға дейін созылатынын білмеймін. Ойлау да қорқынышты. Ұлым Оренбургтан келмейді. Соңғы рет осы жылдың 28-ші сәуірі келген. Оған не болды екен?

Билік қарттар мен ауру адамдарға ақша үнемдейді. Бірақ, шенеуніктер миллиондар мен миллиардтарды ұрлап, 2-3 жылға ғана түрмеге отырады немесе айыппұл төлеп, шартты мерзім алады.

Қазақстанда бай адамдар көп. Олар қарапайым халықтың арқасында байыды. Байлар батырақтарға 25-30 мың теңге емес, одан көп төлегенде, рухани және материалды жақсы өмір сүруге болатын еді.

Тағы оқыңыздар: Жеті жасар ұлын өлімші етіп сабаған шымкенттік ана оны балалар үйіне өткізбекші

Ұлым бір хатында әзер табатын тиын-тебенді де уақытында ала алмайсың, 2-3 ай кешігіп келеді деп жазған.  Бай қожайын өз шаруасын шешеді, ал батырақ күте тұрады.

Балам елдің солтүстігінде қымбат көмір алу керек дейді. Зейнетке шығуына төрт жыл қалған 59 жастағы ұлым тиын  үшін әлі біраз жұмыс істеуі тиіс. Мен зейнетақымды осылайша үшке бөлемін.  Меніңше, барлық қарт аналар балалары үшін осындай қадамға барады. Бізді балаларымыз емес, Кеңес кезінде бар жиғанымызбен оларды өзіміз асырап отырмыз.

Шенеуніктер балғын нәрсенің бәрін жейді, ал қарттар көгеріп, қатқан нан жейді. Бәрі үшін кешіріңдер, бірақ мен өмір сүргеніме қуанышты емеспін.

Редакцияға хат жазбақ болып шештім, билік қарттарға аптасына 1 рет қана күтушіні қалай жіберіп жатқандарын ойласын. Хатымды жариялауларыңызды өтінемін.  Менде 7-ші маусымға дейін жететін жарты батон қалды", - деп жазған өмір сүруден шаршаған оралдық әжей.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539322-sheneunikterge-okpesin-zhazghan-89-zhastagh.html