RU

Мақпал Исабекованың жасырын түрде кездесіп жүрген сүйіктісі кім? (фото)

Жуырда ғана Мақпал Исабекованың "Шын сүйемін" деп аталатын әніне түсірілген клипі ел назарына ұсынылды. Онда ол "Ринго" тобының әншісі Батыр Байназаровпен бірге ғашықтар рөлін сомдап, елді актерлік шеберлігімен тәнті еткен болатын. Алайда ғашықтар рөлін олар клипте ғана емес, өмірде де "ойнап" жүрген секілді. NUR.KZ порталы редакциясына олардың клиптен тыс кездесіп жүрген суреттері келіп түсті.

Батыр мен Мақпалдың қол ұстасып жүрген суреттерін сенімді дереккөз жолдаған.

Клипте бір-біріне ессіз ғашық болатын жұлдыздардың кейпін көрген желі қолданушылары оларды өмірде де бір-біріне ғашық деп болжаған болатын.

Егер бұл болжам шындыққа айналса, онда тойдың да ауылы алыс емес сияқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539328-maqpal-isabekova-klipine-tusken-ring.html