RU

Екі бірдей әйелді құлдықта ұстаған ақтөбелік шенді ақыры қамауға алынды

Ақтөбе облысындағы станция басшысы тоғыз жыл бойы әйел адамды фермасында құлдықта ұстаған. Сот оны 5,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Жұмысшылар сотта өздерін күштеп ұстап, еңбектері үшін ешқандай ақша төлемегенін айтқан. Қашпақ болғандары үшін қожайындары ұрған деп жазады «Диапазон».

Өткен жылдың ақпан айында Ақтөбе полицейлері 44 және 29 жастағы екі әйелді құлдықтан босатқан. Айтуларынша, өздерін алаяқтық жолмен Хромтау ауданындағы фермаға әкеліп, тегін жұмыс істеткен.

Темір жол станциясының басшысы 53 жастағы Ғани Ілясовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Сот 2008 жылы Ілясовтың ауылдық әйелге жұмыс және баспана ұсынғанын анықтайды. Әйел адам оның ұсынысына келісім берген.

Бақай станциясына жаңа жұмысшысын әкелген Ілияс, оны 9 жыл бойы  қара жұмысқа жеккен.

Уақыт өте келе Ілясов "штатты" көбейтпекші болады. Өткен жылдың 15-ші шілдесі күні №2  Ақтөбе мектебінің маңынан ол жағдайы нашар әйелді көріп, сиырларға қарап, оларды саусаң 50 теңге төлеймін деген ұсыныс жасайды.  Осылайша "Нива" көлігімен оны да Бақай станциясына апарады.

Тағы оқыңыздар: Достарымен бәстескен 17 жастағы жігіт тірідей көміліп көз жұмды (фото)

Өткен жылдың қараша айында екі әйел "қожайындарынан" қашпақшы болады, бірақ ол оларды ұстап алып, қайта алып келген.

Ақпан айында олардың біреуі "Мен Бақай станциясындағы Ғани Ілясовтың фермасындамын, мені жібермей жатыр, көмектесіңіздерші" деп жазып,  жанындағы әйелмен бірге тілдей қағазды қалаға беріп жіберген.

Ілясовтың өзі кінәсін мойындамады. Ешкімді зорлап ұстамадым, ал айлықты әйелдердің өзі сұраған жоқ, үйлеріне қайтқылары келетінін айтпады деді.

Сот Ғани Ілясовты кінәлі деп тауып, оны 5 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырды және зардап шеккендерге 2 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539397-eki-birdey-ayeldi-quldyqta-ustaghan-aq.html