RU

АҚШ-қа кеткен әнші қазақстандықтардың шетелдегі өмірі туралы айтты

Майамиде үшінші жыл тұрып жатқан "Рахат Лукум" тобының бұрынғы солисті  Дана Асқар мұхиттың арғы жағындағы өмірі туралы айтып берді.

Дананың сөзінше, күйеуі екеуі шетелге кетуді жоспарламапты. Алғашында достары Майамиге баруға ұсыныс жасаған, - деп жазалы Comode.kz.

"Біз демалып, қыдырған соң бұл қаланы жақсы көріп кеттік. Үйге келіп, заттарымызды жинай бастадық. Оның үстіне күйеуіме компаниясының АҚШ-тағы өкілдігін басқару ұсынысы түсті. Біз өз таңдауымызға күмән келтірмедік. Бірақ уайымдадық", – дейді Дана.

Әнші жат елде, мүлдем бөлек заңмен, достары мен жақындарынсыз қалай өмір сүретіндігін ойлап уайымдағанын айтады.

"Тілді қалай үйренеміз, қымбат қалада өмір сүруге қаражатымыз жете ме деген сынды стандартты уайымдар болды. Уақыт өте келе адамдармен танысып, жаңа ортаға үйрене бастадық", –дейді қазақстандық әнші.

Тағы оқыңыздар: Жемқорлықпен ұсталған Оңтүстік Кореяның экс президенті өлім жазасына кесілді

Майамиге көшкен соң, ол қазақстандық жерлестерін іздеп, жаңа достар табуға талпынған.

"Мен мұнда қазақстандықтардың көп екенін түсіндім, бірақ олар бөлектеніп кеткен. Оларды қалай біріктіруге болады? Әрине, ортақ мереке ұйымдастыру", – дейді Дана.

Өзі сияқты белсенді қазақстандықтармен олар Майамиде Наурыз мейрамын тойлауға дайындықты бастаған.  

"Биыл үшінші жыл бұл мерекені кең көлемде, әрі көңілді өткізіп жүрміз. Барлығын бүге-шүгесіне дейін ойластырамыз: ұлттық киімдер, дәстүрлі тағамдар, мәдени бағдарлама (би, ән, конкурстар). Мұның бәрі жәй көзбояушылық үшін емес, шынымен мерекеге келген әрбір жанға қызықты болуы үшін жасалады", -дейді Асқарова.

Тағы оқыңыздар: Екі бірдей әйелді құлдықта ұстаған ақтөбелік шенді ақыры қамауға алынды

Осылайша мұндай кездесулерде олар Қазақстаннан екендеріне шын ниетпен мақтанып, жерлестерін көріп мәз болады.

"Мереке арқылы біз қалаған адамымызға біздің дәстүрімізді айтып береміз. Наурыз мейрамындағы қонақтардың жартысы америкалықтарға тұрмысқа шыққан-қазақстандықтар. Сол себепті көпшілік үшін мұндай сәт бір-бірімен танысып, мәдениеттерін терең білуге зор мүмкіндік сыйлайды",-дейді ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Дана Асқарова құрамында 200 адам бар Florida KZ атты қазақтар қоғамдастығы туралы айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539460-aqsh-qa-ketken-tanymal-anshi-qazaqstand.html