RU

Алматы тұрғындары көлік тұрағы үшін полицейлермен қарсыласып, бульдозер астына түсті (фото, видео)

Алматыдағы “Орбита” ықшам ауданындағы мың жарымнан аса 17 қабатты құрылыс нысанына көңілі толмайтын тұрғындар ұйықтап жатқан кезде №17  авто тұрақтың қақпасын бульдозер ысырып, паркингтің темір шатырларын жұмысшылар сындыра бастаған деп жазады "Время".

Ұйқыларынан оянған көлік иелері 30 жыл бұрын өз қандастарына салған 400 -ге тарта көлік тұрағы орнын сақтап қалуға шықты.

Кеңес заманында жер учаскесі "АВТО-Холдинг Компаниясы" ЖШС күзет пен қызметті жүзеге асырып, адамдармен келісімге келген. 2009 жылы фирманың әкімдікпен келісім шарты аяқталып, құрылыс олардың  меншігіне өтеді.

Әкімдік жер телімін "Тамерлан" ЖШС-на төрт жылға жалға береді. 2012 жылы әкімдіктің көп қабатты үй салу үшін көлік тұрақ сүріледі деген бұйрығы шығады.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында лагерь тәлімгері түн ортасында балаларды шешіндіріп, мазақ еткен (видео)

Бостандық ауданы сотына шағым түсірген "Орбита" тұрғындары сотта жеңіліс тапқан. Бірақ жағдайды ушықтырмас үшін оларға мынандай ұсыныс жасайды: жүргізушілер 400 машинаға арналған жабық паркинг берсе тұрақты босатады.

Үш жыл ішінде оңтайлы шешім таба алмаған "Тамерлан" ЖШС қайтадан әкімдікке барып, құрылыс нысанын салу үшін  2018 жылға дейін ғана жарайтын көлік тұрақ орнына құрылыс жұмысын жасау үшін рұқсат алады.

Аудандық әкімдікте тұрғындарға көліктерін балалар алаңына қоюды ұсынған.

Жақында әділет департаментінен ЖШС "АВТО-Холдинг Компаниясының" жер учаскесін талап ету қаулысы келген.

Газетке берген сұхбатында заңгер Сергей Уткин  "АВТО-Холдинг Компаниясы" ЖШС көлік тұрақты босатуға міндетті (бірақ, бұл компания қазір жоқ ) деген сот шешімі бар, бірақ көлік жүргізушілері ол жерді босатсын деген шешім жоқ дейді.

Көліктер мен қоршаулар олардың жеке мүліктері болғандықтан сот орындаушыларының оларды сындыруға құқы жоқ.

Сүру кезінде сот орындаушылары мен көлік иелері арасында кикілжің туындап, олар жүргізушілерді бульдозерден сүйреп қалды, жерге құлаған бірнеше белсендінің тізелері мен қолдары қанаған.

Дегенмен жұмысшылар бір минутта тоқтамастан, көлік тұрақ шатырын сындыруды доғармаған. Ал полиция жасағы шетте бақылап тұрған.

Көлік иелері тұрақтарынан айырылғанымен, көп қабатты құрылысқа қарсылық танытуларын тоқтатпайтындарын айтуда.

Фото Роман Егоров / time.kz

Видео: krisha.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539532-almatylyq-turghyndar-surilip-zhatqan-k.html