RU

Байқамай сындырып алған білезігінің бағасын естіген әйел талып қалды (видео)

Қытайдың Жуйли қаласы, Юньнань провинциясындағы базарға барған әйел байқамай сындырып алған білезіктің құнын естігенде талып қалды деп жазады Life.ru.

Нефритті әшекейді тағып көрмек болған әйел білезікті абайсызда құлатып, сындырып алады. Осыдан кейін оның 300 мың юань (14 миллион теңгеден асады) екендігін біледі.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында лагерь тәлімгері түн ортасында балаларды шешіндіріп, мазақ еткен (видео)

Ол есін жиған соң сатушымен келісімге келіп көрмек болып, шығынының өтемі ретінде 70 мың юань ұсынады. Бірақ дүкен иесі өз дегенінен қайтпайды. Ары қарай тәуелсіз сарапшы келіп, білезікті 180 мың юаньға бағалаған. Енді әйелдің отбасы сатушыға ақшаны қайтаруға міндетті.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539626-bayqamay-syndyryp-alghan-bilezigininh.html