RU

Бағлан Әбдірайымов: Тоқал алуды заңдастырса, қазақ баяғыда көбейер еді

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов бірнеше әйел алуды заңдастыруға қарсы еместігін айтты. Оның сөзінше, басы бос 800 мың қыздың барлығы қалай болғанда да ана бақытын сезінуге құқылы деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

"Қазақтан жігіт таппағандықтан, біреу анда, біреу мында шығып жатыр. Енді өздеріңіз ойланып қараңыздар. 800 мың қыздың тұрмысқа шықпай жүргені жақсы ма, әлде екінші не үшінші әйел болып, ана бақытын сезінгені жақсы ма?!

Тағы оқыңыздар: Димаштың концерті сапасыз өтті деген тыңдарман оған елден кетуге кеңес берді (фото)

Сондықтан осыны ажырата білу керек. Егер кәдімгідей қыздар жағы болсын, қоғам болсын дайын болып, заңды түрде екінші, үшінші немесе төртінші әйел алуды заңдастырған болса, қазақ баяғыда саны көп елдердің қатарында тұрар еді.

Сондықтан осы тұрғыдан қарағанда, әрбір қазақтың қызы ана бақытын сезіну керек деп ойлаймын", - деп өз ойын білдірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Саят Медеуов те тоқал алуға қарсы еместігін айтып, елді шулатқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539683-baghlan-abdirayymov-tort-ayel-alugha-qa.html