RU

Танымал ресейлік әнші мезгілсіз өмірден өтті

"Иванушки International" тобының экс солисі Олег Яковлев 29 маусым күні таңға жуық уақытта қайтыс болды. Бұл туралы әншінің азаматтық некедегі жары Александра Куцевол мәлімдеді деп хабарлайды РИА новости агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Бүгін сағат 7:05-те менің өмірімдегі басты ер адам, менің Періштем, менің Бақытым өмірден озды… Енді мен қалайша сенсіз өмір сүремін?... Самға, Олег! Мен сенімен мәңгі біргемін", — деп жазды Александра Instagram желісіне.

Тағы оқыңыздар: Димашпен дуэт айтқан Орбакайте: Бұл ұмытылмас сәт болды (видео)

Бұған дейін ол Яковлевтің екі өкпесінің қабынуы салдарынан ауыр халде реанимацияда жатқанын айтқан болатын. 

Олег Яковлев "Иванушки International" тобында 1998-2013 жылдары ән айтып, кейін жеке шығармашылықпен айналысуды жөн санаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539709-tanymal-reseylik-anshi-mezgilsiz-omir.html