RU

Павлодарда аула тазалаушысы қағаз пакеттен өлі сәби тауып алды

Павлодарда куәгерлер жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді. 1 Мамыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен ішінде сәби жатқан қағаз пакет табылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Пакетті жергілікті пәтер иелері кооперативінің аула сыпырушысы тауып алған. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінің алдында қалдырылған пакеттің ішіндегі сәби өлі болыпты.

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, бала шала туылған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірше ешқандай пікір білдірген жоқ.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында лагерь тәлімгері түн ортасында балаларды шешіндіріп, мазақ еткен (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539837-pavlodarda-aula-tazalaushysy-qaghaz-pa.html