Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО көрмесі маңында бір әрпі түсіп қалған дәмхананың жазбасы жұртты ұялтты (фото)

Опубликовано:

Instagram желісінің zhest_kz парақшасында "ЭКСПО көрмесі маңындағы дәмханалардың бірінің" оғаш суреті тарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәмхананың жазбасында белгісіз себептермен «Д» әрпі түсіп қалған болуы керек. Мұны көрген жұрт "дәмхана" сөзі мүлде ұятсыз мағына беріп тұрғанын байқап қойған.

Тағы оқыңыздар: Атырау облысындағы емхананың сыйқы тұрғындарды шошытты (фото)

"Расымен осылай бір әрпі жоқ болған болса, масқара болған екен", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Кей желі қолданушылары суреттегі бір әріп әдейі "фотошоппен" өшіріп тасталған болуы мүмкін деп топшылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1539947-ekspo-kormesi-manhynda-bir-arpi-tusip-q/

pixel