RU

Аяғы ауыр бойжеткен "лайк" үшін сүйіктісін атып тастады

АҚШ-тың Миннесота шататының 19 жастағы тұрғыны Youtube парақшасына көп жазылушылар мен "лайк" жинау мақсатында ақылға қонымсыз әрекетке барды. Бұл туралы NUR.KZ порталы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мона Лиза Перес 22 жастағы сүйіктісі Педро Луисті Youtube парақшасына ролик түсіру барысында винтовкасымен атып жіберген. Қос ғашық өзіне ұшқан оқты кітаппен тоқтату сәтін видеоға түсірмек болыпты.

Алайда оқ кітаптан өтіп кетіп, Педроның дәл кеудесіне тиеді. Бұл жайттың бәрі қос ғашықтың үш жасар қызының көзінше болған.

Тағы оқыңыздар: Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі ұлын отбасын тастап кетті деп сөккендерге жауап берді

Енді желі парақшасына көп жазылушылар жинағысы келген Мона Лиза абайсызда адам өлтіру бабы бойынша сотта жауапқа тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1539982-ayaghy-auyr-boyzhetken-layk-ushin-suyikti.html