RU

Бетіне мең қаптаған бойжеткен әдемілігімен жұртты тәнті етті (фото)

Малайзияда тұратын 20 жастағы бойжеткен осы күнге дейін шектен тыс көп меңдері үшін елдің мазағына ұшырап келген. Алайда бүгінде жас қыз "Ғаламшар аруы" байқауына жолдама алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы farrahgray.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эвита Делмундо бала кезінен жұрт оны келбетіне бола мазақтап келгенін жасырмайды. Тіпті сыныптастары бойжеткенді "құбыжық" деп атап кеткен екен.

Тағы оқыңыздар: Альварес: Головкин жекпе-жектің соңына дейін шыдамайтынына кепілдік беремін

Алайда бүгінде ару бұл мазаққа еш мән бермей, өз ерекшелігін мақтан тұтады. Жақында ғана "Ғаламшар аруы" байқауына жолдама алған Эвита Жер шарындағы ең көрікті ару атануы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540195-betine-menh-qaptaghan-boyzhetken-ademil.html