RU

"Лай суға шомылып жүрген астаналықтарды көрген шетел азаматы" жағасын ұстады (видео)

"Шетелдік Астананы көріп, есеңгіреп қалды" деген тақырыппен жарияланған видео желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода акцентпен сөйлеп жүрген ер адам Астананы көргендегі әсерлерімен бөлісуде.

"Міне, мама, қараңыз. Мұнда, Астанада адамдар осылай шомылады. Суы өте лас әрі адамдар құжынап жүр... Бұл таң қаларлық", - дейді видеоны түсірген азамат.

Тағы оқыңыздар: Бетіне мең қаптаған бойжеткен әдемілігімен жұртты тәнті етті (фото)

Видеоны көргендердің бірі расымен мұндай лай суда шомылған дұрыс еместігін алға тартса, енді бірі сын-пікір айтқан азаматтың шетелдік екеніне күмән келтірді.

"Жергілікті тұрғын өтірік өзін шетелдік ретінде көрсетіп тұрғандай әсер қалады", "Анасына шетелдік акцентпен орысша видеоны қай шетелдік түсіреді?", - деп сұрақ қойды желі қолданушылары.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540240-lay-sugha-shomylyp-zhurgen-astanalyqtar.html