RU

Алматыда тоғыз жасар қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Алматының Әл-Фараби даңғылы мен Марков көшесі қиылысында тоғыз жасар Ақниет Құдайберген жоғалып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыз баланың отбасымен жақсы таныс әйелдің айтуынша, Ақниет бала күтушімен бірге логопедия орталығына барған.

Бала күтуші Ақниетпен өз кезектерін күтіп диванда отырғанын, сол сәтте қыз бала орнынан табылмай қалғанын алға тартыпты. 

Тағы оқыңыздар: 5 миллион теңге парамен ұсталған Сақташ Хасеновке қатысты сот үкімі шықты

Оқыс жағдай сағат түскі 13.45-те болған. Туыстары полицейлерге хабар беріп, бәрі қызды сабыла іздеп жүр. 

Ақниеттің үстінде ақ футболка мен алқызыл шорты болған. Қыз баланы табуға көмектесетін қандай да бір ақпарат бере алсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 702 399 90 41 - қыздың анасы Ләззат, +7 702 846 38 68 - әкес Нұрлан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540324-almatyda-toghyz-zhasar-qyz-bala-iz-tuzsi.html