RU

Ауа райын хабарлап тұрған тележүргізуші аяқ астынан жоқ болып кетті (видео)

Ирландияның TV3 арнасында ауа райы болжамын жүргізіп тұрған тележүргізуші Дерик Хартиганды жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Келеңсіз жәйт тікелей эфир кезінде болған. Ireland AM бағдарламасы кезінде ауа райы болжамын хабарлап тұрған Хартиганды кенеттен соққан қатты жел ұшырып әкетті. Бірер секундқа экраннан жоғалып кеткен тележүргізуші көп ұзамай қайта оралды. Алайда қолшатыры сынып қалған.

Тағы оқыңыздар: 5 миллион теңге парамен ұсталған Сақташ Хасеновке қатысты сот үкімі шықты

Видеороликті YouTube-ке «зардап шеккен» жүргізушінің өзі жүктепті.

«Табиғат-Ана тағы да жеңді», - деп жазған ол видео астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540376-aua-rayy-bolzhamyn-khabarlap-turghan-tel.html