RU

Алматыда 17 жастағы танымал спортшы қыз көз жұмды

29 маусым күні Алматының жетінші қалалық емханасында танымал велосипедші қыз Дана Ахметова көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы қазақстандық велосипед спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

23 маусым күні 17 жастағы спортшы қыз ІV Жастардың спорт ойындарына қатысқан кезінде есінен танып қалған. Жедел жәрдем оны дереу жансақтау бөліміне жеткізді.

Жағдайы ауыр болған Дана есін жимастан тіл тартпай кетті.

Тағы оқыңыздар: Автобус қағып кеткен ер адам ғажайыптың күшімен дін аман қалды

Дана Ахметова - Қазақстанның спорт шебері. 2016 жылы ол Олимпиадалық дайындық орталығының спортшылар тізімінде болған.

Дана талай жарыстарда күміс және қола медальдарды еншілеп келген дарынды спортшы еді. Спорт федерациясы қайтыс болған бойжеткеннің жақындарына қайғырып, көңіл айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540381-almatyda-17-zhastaghy-tanymal-sportshy-qyz.html