RU

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Ағымдағы жылдың 28-ші маусым күні Ақкөл ауданы аумағында жүргізілген "Көкнəр-2017" жедел алдын алу шарасы барысында ІІД Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың  қызметкерлері 30 жастағы əйелді ұстаған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда 17 жастағы танымал спортшы қыз көз жұмды

Келіншек есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топты басқарған. Кейін анықталғандай күдікті маусым айының басында салмағы 1,9 грамм "героин" сатқан.  Үйін тінту кезінде одан 16 грамм "героин" жəне 182 мың теңге ақша мен инъекциялық шприц тәркіленді.

Келіншек есірткі бизнесін жалғыз өзі дөңгелетпеген, бұрын сотты болған əрі бірге тұратын 1979 жылғы ер адамды тартқан. Ер адамның да салмағы 0,96 грамм героин сатқаны əшкерленді. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілерге есірткі жеткізіп берумен айналысқан 29 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны да құрықталды. Оның үйінен де ірі көлемде есірткі мен ақша жəне оқ дəрі табылған.

Тағы оқыңыздар: Ауа райын хабарлап тұрған тележүргізуші аяқ астынан жоқ болып кетті (видео)

Қазіргі кезде, сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды. Полицейлер қылмыстық топ 6 адамнан тұрғанын анықтап отыр.  Қазіргі кезде топ басшысының 26 жастағы сіңілісінің қылмысқа қатысы бары анықталды. Оған қоса тағы 2 адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. "Қазіргі кезде басты күдікті жəне онымен бірге тұрған ер адам мен есірткі жеткізіп беруші уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып үстерінен ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп көрсетілген хабарламада.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540419-aqmola-oblysynda-esirtki-saudasymen.html