RU

ОҚО-да 3 жастағы қыз бен 2 жастағы ұл бала арыққа батып кетті (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысында үш бала суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі барлық трагедия кішкентай балалар ата-аналарының қарауынсыз қалғанда орын алғанын айтты деп жазады TVK.

Екі жасар баланың денесін арықтан өтіп бара жатқандар тауып алған. Әзірше өлімнің толықтай мән-жайы белгісіз.

10 жастағы бала "Жан" бассейніне батып кеткен. Болжам бойынша, ол басын ұрып алған. Үшінші баланы іздестіру әлі жалғасуда.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында наразылық танытқан тұрғындар тас жолға жатып алды (фото)

25 маусымнан 26-на қараған түні сүңгуірлер Қарасу каналына батып кеткен 3 жастағы баланың денесін іздестіреді.

"Қазіргі таңда құтқару қызметінің 9 қызметкері және 2 техника іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздестіру әлі тоқтамады, нәтиже жоқ. Кішкентай қызды іздестіру жалғасуда", - деп хабарлады ОҚО ТЖҚ бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540436-oqo-da-3-zhastaghy-qyz-ben-2-zhastaghy-ul-bala.html