RU

Аяғы ауыр келіншек абайсызда күйеуін атып жіберді (фото)

Аяғы ауыр америкалық келіншек жігіті екеуі YouTube-қа арнап видео түсіріп жатқанда, абайсызда оны атып жіберген.

19 жастағы Моналиса Переске  Педро Руистың өлімінен кейін, қасақана емес кісі өлімін жасады деген айып тағылды, деп жазады Espresso.tv.

Жұбайлардың кішкентай баласы бар және Перес екінші нәрестесіне жүкті.

Тағы оқыңыздар:ОҚО-да 3 жастағы қыз бен 2 жастағы ұл бала арыққа батып кетті (фото)

Қыздың айтуынша, Руис YouTube үшін ролик түсірмек болған, ал келіншегі болса оны қатты энциклопедияны кеудесіне басып тұрғанда атуы тиіс.

Салдарынан оқ ер адамның кеудесіне тиіп, үш жасар қызының көз алдында қайтыс болады.

Қаза болған жігіттің әпкесі Клавдия Руис олардың  YouTube арнасы үшін видео роликтерді жиі түсіргенін айтады. Енді келіншек сот алдында жігітінің өлімі үшін жауап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540453-ayaghy-auyr-kelinshek-kuyeuin-tughan-qyzy.html