RU

Астана әуежайында аста-төк байларға арналған VIP-орын ашылды (фото)

Астандағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалында VIP-орын ашылды. Енді қалталылар ерекше жағдайлар жасалған орында тыныға алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Үш қабатты алатын арнайы орынның ауданы 1250 шаршы метр. Онда бай-бағландар демалып, тіпті шомыла алады.

Ал олардың жүгін арнайы қызметкер таситын болады.

Арнайы бизнес-аймақта қалталылар компьютерге отырып немесе жиын бөлмесіне барып, өз жұмыстарын реттей алады.

Тағы оқыңыздар: Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы өзін босатуды талап етті

Одан бөлек душ қабылдап, ыңғайлы әжетханасына да кіру мүмкіндігі қарастырылған

Үшінші қабатта фуршет үстелі мен мейрамхана бар. 

Еске салсақ, 31 мамыр күні Астанада әуежайдың жаңа терминалы ашылған болатын. 20 маусым күні әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540560-astana-auezhayynda-asta-tok-baylargha.html