RU

Алматы қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы өзін босатуды талап етті

Алматыда қалалық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев сотқа апелляциялық шағым түсірген деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол «ұйымдасқан топ құрып оны басқарды», «ірі көлемде пара алды», «қызметін асыра пайдаланды» және «ақша жымқырды» деген бірнеше бап бойынша айып тағылып, 14 жылға сотталған болатын. Тіпті атақ-даңқынан айырылып, бар дүние мүлкі тәркіленген.

Тағы оқыңыздар: Автобус қақса да, ештеңе болмағандай кете берген жігіт елді таңырқатты

Алайда Әмірхан Аманбаев тағылған айыптың бір де біреуін мойындаған жоқ. Сондықтан ауыр жазамен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіріпті. Айта кетейік «қара генералмен» бірге тағы 35 адам сотталған болатын. Төрт ай бұрынғы сотта қылмыстық топтың заңсыз жолмен 19 миллиард теңге табыс тапқаны дәлелденген.

Бұл қыруар қаржының бір бөлігі жалған фирмалардың есеп-шоттарынан табылды. Бұл аздай сотталушылардан зәулім сарайлар, элиталық пәтерлер, қымбат көліктер мен екі бірдей тікұшақ тәркіленген. Сондықтан бар мүлкінен айырылған 35 адамның бәрі апелляциялық сотқа арыз жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540561-almatyda-qalalyq-qarzhy-policiyasynynh.html