RU

Ауаға ұшқан ақша: Қымбат лимузиндегі түлектер Қазнетті дүрліктірді (видео)

Желіде мейрамхана ішіне қымбат лимузинмен кіріп келген түлектердің видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода тамада бәрін қол шапалақтап қарсы алуға шақырған сәтінде мейрамхананың ішіне қымбат лимузин кіріп келгені байқалады.

Тағы оқыңыздар: Қытайлық туристер игерілмей жатқан Қазақстанның ұлан-ғайыр даласын көріп таңғалды

11 "а" сыныбы деген жазуы бар лимузиннен сәнді көйлек киген арулар бірінен соң бірі шығып жатыр. Видеоны көрген желі қолданушыларының дені бұл жайтты шектен шыққан мақтаншақтық деп бағалады.

"Бос шығын", "Ақша бар, ақыл жоқ деген осы", "Ауаға ұшқан ата-ананың ақшасы", - деп пікір қалдырды көпшілік. Бұл жайттың қашан және қай қалада болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540592-meyramkhana-ishine-qymbat-limuzinmen-k.html