RU

Алматылықтар құжаттарын түнделетіп рәсімдеп жатыр

Алматылық тұрғындар көлік жүргізу куәліктерін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан түнделетіп алып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жаңа пилоттық жоба өткен аптада ғана іске қосылған болатын. Соған қарамастан оншақты көлік жүргізушісі жаңа құжаттарын қаладағы ХҚКО-ның аудандық бөлімшелерінен алып үлгерген. Дәлірек айтсақ, бір аптаның ішінде 10 жүргізуші жаңа куәлікке ие болды. Оның 2-Әуезов ауданы, 1-Алмалы, 4-Бостандық, 1-Жетісу, 2-Медеу ауданындарында орналасқан бөлімшелерде іске асқан.

Тағы бір айтары, жұмыс басты азаматтар үшін де түнделетіп құжат рәсімдеу жұмыстары қарастырылған. Мәселен, Әуезов ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңңы сағат 8 00-ден, түңгі сағат 24 00-ге дейін жұмыс жасайды. Жоба іске қосыла салысымен 200-ге жуық тұрғын қызметіне жүгінген. Дәлірек айтсақ, 185 азамат құжат өткізіп, 9 тұрғын өзіне қажетті құжатын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540614-almatylyqtar-quzhattaryn-tundeletip.html