RU

Қазақстандықтарды қайғыға батырған Кемаль ақыры үйленіп тынды (фото, видео)

Қазақ қыздарын өзіне ғашық еткен танымал түрік актері Бурак Өзчивит шаңырақ көтерді. Ол өзінің сүйіктісі, белгілі түрік актрисасы Фехрие Эвдженді өмірлік жары ретінде таңдап алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде олардың неке қию рәсімінен суреттер мен видео пайда болды.

Жұлдызды жұптың тойын көптен бері күтіп жүрген көрермендері оларға ақ тілектерін жаудырып, мәңгілік махаббат тілеумен болды.

Тағы оқыңыздар: Қытайлық туристер игерілмей жатқан Қазақстанның ұлан-ғайыр даласын көріп таңғалды

Естеріңізге салсақ, Брак Өзчивит қазақ көрермендерге "Сұлтан Сүлеймен" деп аталатын әйгілі түрік телехикаясы арқылы танымал. Одан соң ол "Өшпес махаббат" телехикаясында басты рөлді сомдап, онда Кемаль есімді жігіттің рөлінде ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540638-qyzdardy-symbatymen-esten-tandyrghan.html