Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өртенген үйден табылған кішкентай қыздың хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Лондонда 14 маусым күні өртеніп кеткен тұрғын үйдің пәтерінен кішкентай қыздың жан тебірентерлік хаты табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

24 қабатты тұрғын үй аяқ асты түннің ортасында өртке оранғанда, адамдар амалсыз жоғарғы қабаттардан секіре бастаған еді. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттағы тұрғындарды өрттен құтқара алмады. Бұл қайғылы жайттан 17 адам қаза болып, тағы 30-ы ауыр жарақаттар алған.

Тағы оқыңыздар: Ауаға ұшқан ақша: Қымбат лимузиндегі түлектер Қазнетті дүрліктірді (видео)

Өрттен кейін күл талқаны шыққан пәтер үйінділерінен кішкентай қыз баланың қойын дәптері табылды. Балақай дәптерге болашақ жоспарларын жазып, хат қалдырған екен.

"Мен өз сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмай отырмын. Өте бақытты адаммын. Болашаққа армандарым мен жоспарларым көп. Оларда жүзеге асырғым келеді", - деп жазған қыз бала хатында.

Өрт сөндірушілер бұл хатты оқып, еріксіз көзіне жас алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1540640-ortengen-uyden-tabylghan-kishkentay-qy/

pixel