RU

Танымал ғалым тез арада Жер шарынан көшіп кетуге кеңес берді

Британдық ғалым Стивен Хокинг алдағы 30 жылда адамзат Жер ғаламшарынан көшуді бастау керектігін айтты деп хабарлайды Хабар24.kz.

Аталмыш физиктің айтуынша, осы 30 жылдың ішінде Айда база орнатуға болады. Ал марста орнату – 30 жыл уақытты қажет етеді. Хокинг аталған аспан денелеріне өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың сынамаларын жіберуді ұсынды.

Тағы оқыңыздар: "Періште" болып көрінгісі келетін қазақ қыздарына арналған видео желіде хит болды

«Менің ойымша, адамдар Жер планетасынан жақын арада көшуі керек. Себебі, мұндағы біздің физикалық ресурстарымыз тез сарқылып барады», – деп мәлімдеді әйгілі ғалым.

Хокингтің пайымдауынша, миграция жаһандық жылынуға байланысты мәселелерден алшақтауға көмектеседі. Сондай-ақ астероидтің құлауынан да құтылуға септігін тигізеді. Оның ойынша, тек осылай ғана адамзат өмір сүруін жалғастыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540642-tanymal-ghalym-tez-arada-zher-sharynan-ko.html