RU

Қытайдағы қазақтар Ораза айт мерекесін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Қытайдағы Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтар Ораза айт мерекесін дүбірлетіп өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.cgtn.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамазан айының аяқталуын тойлатқан қазақтар мерекелі дастархан жайып, ұлттық киімдерін киді. Мереке барысында "қыз қуу" ұлттық ойыны ұйымдастырылып, мұсылман қауым қаражорға биін биледі.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік журналист Түймебаевтың берген сыйлығынан бас тартты (фото)

Екінші курста сәулетші ретінде білім алып жүрген қазақ қызы Жұлдыз бұл мерекені отбасымен тойлау үшін туған жеріне арнайы келіпті.

Ен далада қазақтың күйі орындалып, жергілікті тұрғындар ерекше шаттыққа бөленді.

Тағы оқыңыздар: Операция кезінде футбол қараған дәрігерлердің басы бәлеге қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540667-qytaydaghy-qazaqtar-oraza-ayt-merekes.html