RU

Операция кезінде футбол қараған дәрігерлердің басы бәлеге қалды

Чили университетіне қарасты клиникалық госпиталінің дәрігерлер бригадасына қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды РИА Новостигн сілтеме жасап vesti.kz.

Дәрігерлер ота жасап жатқан кезде Конфедерация кубогы аясындағы Чили мен Португалия құрамаларының матчын қараған деген күдікке ілінген. Португалдар "Казань Арена" стадионында турнирдің жартылай финалында Чилиден ойын соңындағы пенальтилер сериясы бойынша 0:3 есебімен жеңілген болатын.

Тағы оқыңыздар: Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті (фото)

"Осы жағдайға байланысты барлық әкімшілік шара қабылданды, алдын ала тергеу басталды", - деп хабарлады госпиталь өкілдері.

Ал мұның алдында медперсоналдың ота кезінде пенальтилер сериясын қарап, Чили құрамасының жеңісін тойлағаны көрсетілген видео тараған болатын.

Аурухана басшылығы дәрігерлердің бұл әрекетін сөгіп, теледидардың ота кезінде қосулы болғанына таңданыс білдірген. Абырой болғанда, ота сәтті жасалып, науқастың жағдайы жақсарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540760-ota-kezinde-futbol-qaraghan-darigerle.html