RU

Қатерлі ісікке шалдыққан сәбиін түйенің зәрімен емдеген ата-ана оны ауыр халге жеткізді

Қырғызстанда бес айлық сәбиді түйе зәрімен емдемек болған ата-анасы баласының ауруын асқындырып алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zanoza.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың қатерлі ісігі төртінші деңгейге дейін жетіп, әбден асқынып кеткен. Бес айлық нәрестені бастапқыда дәрігерлер барынша емдеуге тырысқан екен. Алайда ата-анасы оны аяқ асты емханадан алып кетіпті.

Араға біраз уақыт салып, қайта оралған ерлі-зайыптылар дәрігерлерге баласын мүлде ауыр халде алып келген.

Тағы оқыңыздар: Қытайдағы қазақтар Ораза айт мерекесін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

"Олар баланы емшіге қаратып, түйенің зәрімен емдеп келіпті. Бұл жаңалықтан мен есеңгіреп қалдым. Елестете алар емеспін... Халайық, тағы қай деңгейге түсіп кетер екенбіз? Біз бұл баланы бір жыл бойы құтқаруға тырысып келген едік. Ал олар болса, литрі 1900 теңгелік түйенің зәрімен баланы емдемек болған", - деп күйінді дәрігер Сұлтан Стамбеков.

Ақ халаттының айтуынша, ата-аналар жиі емшіге сеніп, балаларын ауыр жағдайға жеткізеді.

"Кезінде мойнына қатерлі ісік шыққан бір бала болды. Біз оның ісігін кетіруге шақ қалған едік. Алайда ата-анасы туыстары кеңес берген емшінің сөзіне сеніп, баланың емін тоқтатып қойды. Есесіне емшінің қара күйе жақсаң кетеді деген сөзіне иланып, баланы әбден ауыр халге жеткізген. Нәтижесінде жеті жасар ұл баланы құтқару мүмкін болмай қалды", - дейді Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540816-qaterli-isikke-shaldyqqan-sabiin-tuye.html