RU

Алматы облысында қыруар қаражатпен жоғалған әйел өлі күйінде табылды (фото)

Алматы облысының тұрғыны Людмила Малютина ақпан айында анасынан айырылып қалды. Ол денесі 100 пайыз күйіп кеткен анасы өзін өртеді дегенге сене алар емес деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Людмила Малютина анасы қашан да өзіне қол салатындарды әлсіз адам деп санап келгенін алға тартты. Бойжеткен анасы өзін өртеді дегенге мүлде сенбейді.

"Анам поштадағы жұмысында көп жетістіктерге жеткен. Ол бөлімге келе алмайтын зейнеткерлердің зейнетақысын жеткізу үшін сағат кешкі бесте жолға шыққан еді. Қолында қыруар ақшасы бар сөмкесі болды. Ай сайын осылай зейнетақыны таситын", - деп есіне алды Людмила.

Алайда кешкі сегізде үйіне оралмаған анасын жақындары түні бойы іздейді. Екі тәуліктен кейін әйелдің өртелген мәйіті табылған.

"Оқиға орнынан хат табылды. Онда "ешкімге ештеңе бермеңдер, мен секілді мықты болыңдар. Қыздарым менің, сендерді қатты жақсы көремін. Мені алып кету үшін келесі нөмірге хабарласыңдар" деп жазылған. Анам өгей әкем мен әпкемнің нөмірлерін жазған екен. Сараптама хатты анамның өзі жазғанын растады. Алайда түсініксіз жазылған жазуды ұғу оңайға соқпаған", - дейді Людмила.

Әйелдің мәйіті өртелген көлігінен үш жүз метр жерде табылыпты.Оның денесін 100 пайыз күйік шалған.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздардың қасы соңғы он жылда қалай өзгерді (фото)

"Көріпкел анамызды көліктің алдыңғы орындығына біреу күштеп отырғызбақ болғанын айтты. Расымен алдыңғы орындығы айқарылып жатыр. Алайда анам ірі болғасын, артқы орындыққа отырғызып, өртеп жіберген болуы керек. Сараптама оның өзін өртегенде тірі болғанын растады. Ол ауырсынулардан қатты қорқатын адам еді. Зорлық белгілері табылмағанымен, оның сол жақ беті ісініп кеткен... Аяғы көгерген", - дейді Людмила.

Мәйіттің маңынан бір шөлмек арақ табылған. Алайда әйелдің ағзасында алкоголь анықталмапты.

"Оны ішуге күштемек болған секілді. Алақаны күйсе де сөмкесі мүлде күймеген. Сөмкеде 3000 теңгеден басқа ақша жоқ. Тіпті жалақы карточкасы да жоғалып кеткен. Одан тұрақты түрде біреу ақша алып жүргені туралы хабарлама анамның ұялы телефонына келіп тұрады", - деп жалғастырды Людмила.

Тағы оқыңыздар: Қатерлі ісікке шалдыққан сәбиін түйенің зәрімен емдеген ата-ана оны ауыр халге жеткізді

Одан бөлек әйелдің мәйітінің маңында біреудің аяқ іздері қалыпты.

"Тергеушілер сөмкеден қол іздерін алмады. Ондай сөмкеден алу мүмкін емес дейді. Карточкасынан ақшаны кім алып жүргені де белгісіз. Көліктен табылған темекі тұқылы дәл өгей әкем шегетін маркаға тиесілі. Алайда сараптама күдігімді растамады", - дейді Людмила.

Қыздары анасын өгей әкесі өлтірді деп күдіктенген. Себебі, ол әйелінен қомқаты ақша сұрап жүріпті. Алайда әйелі оған аз ғана ақша берген.

"Анамның қазасынан кейін маған поштадан хабарласып, оның 600 мың қарызы барын айтты. Ал бүгінде қарызы 10 млн болып кетті", - дейді Люда.

ІІД "Өлімге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық сараптама жүргізілгенін алға тартты.

Дәл әйел қаза болған 12 ақпанда туған күні өткен Людмила анасының оған мұндай "сыйлық" жасамағанына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540856-almaty-oblysynda-qyruar-qarazhatpen-zh.html