RU

Қажылығын өтеп жүрген келіншек толғағы қысып, қасиетті Меккеде босанды

Дағыстандық келіншек кіші қажылық рәсімін атқаруға келген сапарында толғағы басталып, қасиетті мекенде шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді деп хабарлайды Muslim.kz.

Бір қызығы, айы-күні жетіп отырған келіншектің толғағы кезегін күткендей кіші қажылық рәсімін толықтай жасап болғанда басталған екен.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздардың қасы соңғы он жылда қалай өзгерді (фото)

Осылайша, Малачиловтар отбасы тағы жанмен толығып, сәбилерінің саны үшке жеткен. Сәбиге азан шақырылып, атақты сахаба Біләлдің есімі берілген.

Айта кетейік, былтырғы жылы кіші қажылық кезінде тағы бір дағыстандық отбасы осындай қуанышқа тап болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1540965-qazhylyghyn-otep-zhurgen-kelinshek-tolgha.html