RU

Әлемдегі ең сымбатты қылмыскер аста-төк байлықтың астында қалды

Екі жыл бұрын полицей суретке түсіріп алғаннан кейін "ең сымбатты қылмыскер" ретінде әлемге танылған ер адам бүгінде бағы жанғанын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

32 жастағы Джереми Микс бүгінде модель атанып, қымбат жекежайға ие болған. Джереми жақында 150 мың доллар тұратын Maserati көлігін алды.

Тағы оқыңыздар: Қажылығын өтеп жүрген келіншек толғағы қысып, қасиетті Меккеде босанды

Ол 2014 жылы Калифорнияда заңсыз қару сақтағаны үшін қамауға алынған болатын. Алайда кенеттен келген танымалдықтың арқасында бүгінде ер адам танымал модель атанып, оның желі парақшасына бірден 615 мың жазылушы жиналған.

Енді Джереми қылмыс әлемін өткеннің еншісіне тастап, жаңа өмір бастаған.

"Мені сымбатыма бола бүкіл әлем мойындайды деп ойламаппын. Өзімді өте бақытты сезінемен әрі алғысым шексіз", - дейді азамат.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында қыруар қаражатпен жоғалған әйел өлі күйінде табылды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541034-alemdegi-enh-symbatty-qylmysker-150-mynhd.html