RU

"Періште" болып көрінгісі келетін қазақ қыздарына арналған видео желіде хит болды

Жас рэперлер желіде барынша көп оқырман жинау үшін өзін періште етіп көсретуге ұмтылатын қазақ қыздарын сөгіп тастады. Олардың айтуынша, бүгінде қазақ қыздары жасандылыққа бой ұруда.

Өз клиптерінде бейәдеп сөздерді де қолданатын жігіттер қыздарды лайк үшін беттерін бояп, періште етіп көрсететін қыздарды аямай сынаған.

Олардың айтуынша, желіге орамал салып түскен суретін жүктеген қызды түнгі клубтан көріп қалуға да болады. Себебі қазіргі қыздар жасандылығымен ерекшеленеді.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі (+ 18)

Желі қолданушылары болса, бұл "туындыға" түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Қайсыбірі оларды қолдап, айтқан сөздерімен қосылып жатса, екіншілері "бес саусақ бірдей еместігін" алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541078-perishte-bolyp-koringisi-qazaq-qyzdar.html