RU

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың той суретін жұрт "арзан пиар" деп атады

Желіде Әли Оқапов пен "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың суреттері пайда болды. Олар жай ғана суретке емес, той фототүсіріліміне түскен.

Бұл сурет желіде резонанс тудырды. Желі қолданушылары олардың үйленгеніне сенбей түрлі жазбалар қалдырды. Бірі бұл жай фотошоп десе, екіншілері расымен Ақерке Роза Рымбаеваның келіні болғанына сеніп қалды.

Дегенмен, бұл суретті пиар қадам ретінде бағалағандар да табылды. Себебі қос жұлдыздың да директоры Ерлан Әлімов есімді жігіт.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік журналист Түймебаевтың сыйлығынан бас тартты (фото)

Ерлан Әлімовтен жайттың рас-өтірігін нақтылау мақсатында хабарласқанымызда, ол ешқандай пікір білдірмейтінін айтып, жауаптан жалтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541223-ali-oqapov-pen-aqerke-burkitbaydynh.html