RU

Түлектер ҰБТ ұйымдастырушыларының үстінен полицияға шағым түсірген

Түлектер ҰБТ ұйымдастырушыларының үстінен шағым түсірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылау баспасөз брифингінде мәлімдеді.

"Қазақстанның бір өңірінде бір жағдай болды, біздің өкілдеріміздің үстінен тест тапсырушылар полицияға арыз түсірген, олардың айтуынша тексерушілер түлектердің телефондарын жойып жіберген не тартып алған. Бұл оқиғаны полиция бөлімінде тест тапсыру кезінде тексерушінің ережеге сай әрекет еткенін түсіндіріп, бөтен заттардың алынатынын айттық.

Осылайша, біз келесі жылы тест тапсырушыларға ескерткіміз келеді. Ережеге сәйкес тест тапсыруға бөтен заттарды, яғни электрондықұралдар құралдарды пайдалануға мүлдем рұқсат жоқ. Осы мәселені назарға алса екен дейміз", - деді орталық директоры Рамазан Әлімқұлов.

Тағы оқыңыздар: Құрбысының қызын ұрлап кеткен Теміртау тұрғыны сотта жылап жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541244-tulekter-ubt-uyymdastyrushylarynynh-u.html