RU

Уәделескен жігіті тастап кеткен бойжеткен құрсақтағы сәбиін саудаға шығарды

Қазір әлеуметтік желіде қаптап жүрген жарнаманың арасынан бәрін табуға болады: адам ағзасынан бастап әлі туылмаған сәбиге дейін. Әсіресе ақшадан тарығып не болмаса сүйіктісі тастап кеткен қазақстандық бойжеткендер құрсақтағы нәрестелерін саудаға шығарып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жақында жан-жануар сататын сататын жарнама агенттіктерінің ішінен балаларына жаңа отбасы іздеген қазақ қыздарының жазбасына көзіміз түсті. Барлығы материалдық жағдайы төмен болғандықтан ұрпағына жаңа ұя іздеп жүр.

Соның бір-екеуіне бала алушы болып хабарласып, жағдайдың мәнісін түсінбек болдық. Телефон тұтқасын көтерген бойжеткендердің бірі студент екенін алға тартты.

"Жігітіммен ұрысып қалдым, басында үйленеміз деген соң сақтанбаған едім. Қазір ол ауылына кетіп қалды. Баланы қарайтын адам жоқ. Ата-анам білмейді. Білген күннің өзінде қарамайды да, қабылдамайды да. Түсік жасатуға дәрігерлер кеш, қауіпті деді. Көшеге тастай салмаймын ғой. Одан да баласы жоқтарға бергім келді", - дейді Лаура есімді қыз.

"Құжатын жасап сәбиіңізді заңды түрде балалар үйіне неге өткізбейсіз?» деген сұрағымызға «құзырлы орган мазамды алады, оның үстіне полицейлер туыстарды іздейді екен. Мен бұл оқиғаны өзімнен басқа ешкім білмесе екен деп едім",- деді аяғы ауыр студент.

Студент қыз екіқабат болса да дәрігерге тіркеуге тұрмаған. Бірақ "баланың дені сау, білемін" деп бізді сендіруге тырысты. Тамыз айында нәрестесін өмірге әкелген соң бірден қолымызға ұстатамыз деген бойжеткен, ары қарай емі мен жүріп тұрып, киім алуына біраз қаражат керек екенін де жасырмады.

Баласын бергені үшін қанша қаржы керек, қайда тұрасыз, кездесейік деген сұрақтарымызды ести сала телефон тұтқасын қоя салды.

Қайта хабарласқанымызда бойжеткен сөзімізден күдіктенді ме телефонын өшіріп тастады.

Жалпы жарнама берушілердің арасында нәрестесіне уақытша ата-ана іздегендер бар. Олар аяққа тұрып алған соң баламды қайтарып алам деген талап қоюда. Сұраныс бар жерде ұсысын та бар. Әрбір баласын сатушуға ұрпақ сүйе алмаған әйелдер кенедей жабысып, хат жазуда. Олар тіпті "барлық проблемаңды шешемін" деп те уәде беруде.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541250-aqshadan-taryqqan-qazaqstandyq-zhas-qy.html