RU

Қазақ тойында жерге жатып билеген қыз бен жігіт елдің ашуына тиді (видео)

Қазақ тойындағы түрді жайттарды елге көрсету мақсатында желіде жарияланып жатқан видеолар аз емес. Мәселен, мына биді желідегілер қызу талқыға салып, ондағы той қонақтарын жерден алып, жерге салды. Себебі ортағы шығып, биді жандырған әйел мен ер адамның әрекетін жұрт "бейәдеп" деп атады.

Той қонақтарының мұндай әрекеттеріне желідегі қолданушылар түрліше пікір білдірді.

Әсіресе, мұндай әрекеттерге жол беретін асабаларға оңай тиген жоқ. Олар тойды көңілді өткіземін деп шектен шығатын той иелеріне де оңдырмай сынады.

Тағы оқыңыздар: Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың той суретін жұрт "арзан пиар" деп атады

"Ішімдік ішкен адам не істемейді", "Ертеңінде көріп өздері ұялатын шығар", "Масқара ғой, басқаша айтудың мәні жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, бұған дейін жерге жатып тұрып үнді биін билеген той қонағының биі де қатаң сыналып, елдің ашуына тиген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541372-qazaq-toyynda-zherge-zhatyp-bilegen-er.html