RU

Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, байқамай троллейбусқа соғылған

Алматы қаласы "Мадина" автопаркінің директоры Бекежан Таныштықбай өз қарамағандағы автобус ұшыраған жол апаты туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Көлік апаты 23 маусым күні болған. Автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылыпты. Жол апаты Абай даңғылы бойында Байтұрсынов пен Масаншы көшелерінің арасында болған.

"Мен тергеу жүргіздім. Таңғы 10.30-да, жер қара, күн жылыда алдыңда тұрған троллейбусқа қалай соғылып жүрсің дедім. Жүргізуші жағдайды былай түсіндірді: жолақысын алып, ақшаның қалғанын бергелі жатқанда, алдына қараса, троллейбус тұр екен, сөйтіп, бір-ақ соғылыпты", — деді Бекежан Таныштықбай.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген экзотикалық қонақтардың видеосы жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Жол апатынан кейін сегіз адам медициналық көмек сұрады. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541509-avtobus-zhurgizushisi-zholaqysyn-alyp-zh.html