RU

Небәрі 17 жасында көз жұмған Дана Ахметованың өліміне қатысты деректер айтылды

Велосипед спорты федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансуров жас спортшы Дана Ахметованың қазасына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Дананың өлімі бәрімізді есеңгіретті. Ешкім мұндай қайғылы жағдай орын алады деп күткен жоқ. Регламентке сай мұндай масштабты жарыста бірнеше жедел жәрдем қызметі және жол полициясы  оларды алып жүреді", - деп түсіндірді ол.

Оның сөзінше, ереже өте қатал, себебі онда көрермендер мен спортшылар, басқа да адамдар бар.

Тағы оқыңыздар: Президент әкімшілігі басшысының экс-орынбасары Майлыбаевқа қатысты үкім шықты

"Осы жолы да бәрі регламентке сай болды. Жарыста күн сайын дәрігерлер бригадасымен жедел жәрдем қызметінің екі көлігі кезекшілік етті", - дейді Мансұров.

Ол жедел жәрдем қызметі Дана Ахметованың артындағы пелатонда жүргенін атап өтті. Спортшы есінен танғаннан кейін, дәрігерлер оған 15-20 секундтың ішінде келген.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең бақытты және ең бақытсыз елдер анықталды

"Спорт дәрігерлеріне күмәнмен қарай алмаймыз. Дегенмен, федерация талантты спортшының қазасына не себеп болғанын анықтап, келесіде мұндай трагедияның қайталанбауын қалайды.

Дананың өлімі бәріміз үшін ауыр қайғы. Мен Қазақстан велосипед спорт федерациясы атынан оның отбасын қолдап, көмексіз қалдырмаймыз деп сендіре аламын" , - деп сөз берді Мансұров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541589-nebari-17-zhasynda-koz-zhumghan-dana-akhmeto.html