RU

Экс-орынбасар Бағлан Майлыбаев не себепті түрмеге тоғытылды?

Алты жыл президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Бағлан Майлыбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен, экс-шенеунікті Қылмыстық кодекстің 361 бабының 4 бөлігі, 185 бабының 3 бөлігі бойынша қызметі мен лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қамауға алды.

Сот анықтағандай, ол лауазымды, мемлекеттік қызметте отырған тұлға екенін пайдаланып мемлекет пен қоғамға зиянын тигізген.

Сонымен қоса, аталмыш қылмыс ұйымдасқан топтың қызығушылығына байланысты немесе қызметтік мінтедін атқару барысында  мүлікті заңдастыру процессінде алынған ақпаратты пайдалану арқылы жасалған.

Тағы оқыңыздар: Жазғы лагерьде балаларды қорлаған жас жігіт көпшіліктен кешірім сұрап тынды (видео)

Майлыбаев Қылмыстық кодекстің 185 бабының 3 бөлігі "Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату және дақпырт тудыру" бабы бойынша айыпталды.

Сотталушының қылмысты істерінен мемлекетті сату немесе тыңшы болу әрекеттері анықталмаған.

Бірақ, олар ірі көлемді шығын мен басқа да ауыр жағдайларға себепші болған.

Тағы оқыңыздар: Небәрі 17 жасында көз жұмған Дана Ахметованың өліміне қатысты деректер айтылды

Еске салайық, Бағлан Майлыбаев 5 жыл бас бостандығынан айырылғаннан бөлек, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды.

12 қаңтар күні Майлыбаев президент бұйрығы бойынша президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Үш күннен кейін БАҚ беттерінде оның қамауға алынғаны туралы ақпараттар пайда болды.

Бұл күнддері  Әкімшіліктің бұрынғы қызметкері Николай Галихин де құрықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541604-prezident-akimshiligi-basshysynynh-ory-2.html