RU

Жазғы лагерьде балаларды қорлаған жас жігіт көпшіліктен кешірім сұрап тынды (видео)

Алматы облысындағы "Ақбұлақ" сауықтыру лагерінде балаларға әлімжеттік көрсеткен жігіт кешірім сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен лагерьде Жаңаөзеннің балаларын қорлағаным түсірілген видео үшін кешірім сұраймын. 18 маусымда болған оқиға үшін, балаларды киінуге және шешінуге мәжбүрлегенім үшін кешірім сұраймын", - дейді Бек есімді жігіт.

Жігіттің қолы гипсталғаны көрініп тұр, бірақ оның бұл жарақатты қалай алғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін лагерьдегі балаларды түн оратсында шешіндіріп, мазақ еткен тәлімгер туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541609-zhazghy-lagerde-balalardy-qorlaghan-zha.html