RU

Алматыда экскаватор жеңіл көлікті консерві банкісіндей мыжып тастаған (фото)

Алматыда Mitsubishi Galant көлігі экскаватордың алдында кетіп бара жатқан. Жеңіл көлік тоқтамақ болып, тежегішті басып қалғанда, ауыр трактор артынан келіп соғылған деп жазады Рatrul.kz.

Жол апаты Момышұлы көшесі бойында, Абай даңғылы қиылысына жетпей  орын алды.

Экскаватор жеңіл көліктің жүк салғышының артын мыжып тастаған. Соқтығысқан соң Galant қарама-қарсы қозғалысқа шығып, қарсы келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado 95 ұрылған.

Соққыдан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымдалған, ал джиптің алдыңғы бөлігінің фендері жұлынып кеткен.

Тағы оқыңыздар:Президент әкімшілігі басшысының орынбасары не себепті түрмеге тоғытылды?

Қуанышқа орай, зардап шеккен адамдар болмады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541642-almatyda-ekskavator-zhenhil-kolikti-ko.html